Акварель бойынша шеберлік - сыныбы

Бүгін облыстық кітапханада қала жастары «Art-STUDIO» жобасы аясында акварель бойынша шеберлік - сыныбында «Сиреневый закат» суретін салды. Светлана Кравченко - акварельші, А.Чехов атындағы облыстық драма театрының суретші-декораторы, «Немалевичи» акварель шеберханасының жетекшісі. Практикалық сабақ алдында Светлана Кравченко акварельмен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен техникаларымен бөлісті, әлемдегі әйгілі акварель суретшілерінің шығармашылығымен танысуға, бейнелеу өнерінің осы түрі бойынша кәсіби әдебиеттерді оқуға кеңес берді. Кезең-кезеңмен ол жастармен бірге пейзаж салды, кейін барлық жұмыстар көрме сөрелеріне қойылып, шебер бәрімен бірге әр жұмысты талдады. Светлана жайлы жастар «өте жарқын», «көңілді», «өз ісінің шебері» деген жақсы пікірлер қалдырды. 3 сағат қас қағым сәтте өтіп шықты!