ОҢ ЖАҚ ЖАРТЫ ШАР АРҚЫЛЫ СУРЕТ САЛУ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ

20 ақпанда облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығы оң жақ жарты шар арқылы сурет салу бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырды. Оны суретші, дизайнер, "PICASSO" көркемсурет студиясының жетекшісі Индира Турекулова өткізді. Оң жарты шар арқылы сурет салу әдісінің негізін қалаушы - Бетти Эдвардс. Ол сурет салу кезінде арнайы әдістердің көмегімен оң жарты шардың жұмысы ынталандырылып, сол жақтың белсенділігі тежелетініне негізделген. Оң жарты шар арқылы сурет салу - бұл арт-терапия әдісі және шығармашылық қабілеттеріңізді жүзеге асыруға, сурет салу арқылы өзін-өзі көрсетуге, процестен ләззат алуға, көңіл-күйді жақсартуға, стресспен күресуге мүмкіндік береді.

Шеберлік сағат қатысушылары ПМПУ студенттері болды. Шебер жұмыс процесін көрсетсе де, әр қатысушы суретіне өз элементтерін қоса алды. Сондықтан суреттер әр түрлі болды. Бұған әрқайсысының психоэмоционалды жағдайы әсер етті. Шеберлік сағат қатысушылары көптеген позитивті эмоцияларға ие болды және ұйымдастырушыларға сурет салудың жаңа техникасы туралы білуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты.