«Маркерлермен скетчинг» шеберлік сабағы

Жаздың ыстық және жарқын күндерінде облыстық кітапхананың креативті шығармашылық орталығында қала жастарына арналған маркерлермен жылдам әрі мәнерлі суреттер жасау техникасын үйрететін «маркерлермен скетчинг» мастер-классы өтті.

Шеберлік сабағын «ArtLandiya school» студиясының жетекшісі Дубовая Ксения және студия оқытушысы Необутова Диана өткізді.

Қатысушылар скетч салу үшін көптеген материалдар мен құралдар бар екенін білді. Сондай-ақ, кәсіби қызметі сызбалар мен эскиздер жасаумен байланысты әр түрлі мамандар жұмыста қолданатын скетч түрлері мен техникасы туралы білді.

Қатысушыларға скетчем арналған қағаз және түрлі-түсті маркерлер ұсынылды. Барлығы салатын суретін таңдады.

Кейбіреулер бұл техникамен алғаш рет танысып, көңілді, достық атмосфера мен бір-бірінің қолдауының арқасында өздерінің жарқын скетчтерін жасады. Уақыт қас қағымда өтті, барлығы өз жұмысына өте риза болды.