«Алтын оймақ» шеберлік сағаты

21 ақпан күні облыстық кітапханада №25 мектептің 8 «Б» сынып оқушылары үшін Ә. Марғұлан атындағы ППУ мұғалімдері И.Г. Дәулетова, А.Е. Алежанова, М.С. Темірханова «Алтын оймақ» шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында қатысушылар эко-сөмке тігуге қажетті дағдыларды меңгеріп, тігін машинасының жіптерін сабақтауды үйренді, сондай-ақ қол тігістерінің түрлерімен және олардың қолданылуымен танысып, дайын жұмыстарын көрсетті. «Қайырымды қолдың шеберлігі» атты кітап көрмесінде тігін машинасында тігу, кестемен, бисермен тігу және тігу бойынша кітаптармен танысты.