«Карьераны қалай құруға болады» атты шеберлік сабақ

Бүгін кітапханамызда тәжірибелі кәсіпкер, бизнесті басқару және жүйелеу саласының сарапшысы Олег Ярыйдың «Карьераны қалай құруға болады» атты НЕлекциясы өтті. Бұл шара жастарға арналған «Business community» жобасы аясында өтті.

2 сағатқа созылған кездесуде жігіттер мансап құру үшін қандай қасиеттерге ие болу керектігін біліп, еңбек нарығына жұмыс беруші мен қызметкердің көзімен қарап, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің негізгі қателіктерін саралады. Олег аудиториямен тез тіл табысты: қатысушылар талқылауға белсенді қатысты, сұрақтар қойды, өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу соңында барлық қатысушылар өз пікірлері мен тілектерін жазды.