«Миражи» атты шеберлік сабақ

6 мамыр күні «PavlodART» фестивалі аясында облыстық кітапхананың коворкингінде танымал суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, оқытушы Татьяна Чевтаеваның «Миражи» атты шеберлік сабағы өтті. Татьяна грифель шаңымен кенепке құрғақ қылқаламмен ерекше ақ-қара портретті жасаудың процесін көрсетті. Шеберлік сабағына Павлодар көркемсурет колледжінің оқушылары қатысты.

Грифель шаңымен сурет салу техникасы студенттерге өте қызықты және жылдам болып көрінді. Жас суретшілер шеберге осы техникада портрет шеберлігін тамашалауға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Ол қалай өтті, нәтижесінде не болды, сіз карусельдегі фотолардан көре аласыз.