«Оформление гербария» шеберлік-сыныбы

20 қыркүйекте облыстық кітапханада «Природа – бесценный дар» жобасы аясында «Оформление гербария» атты шеберлік - сыныбы өтті.

А.Шамкенов атындағы мектептің 9-сынып оқушылары үшін биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Наталия Евгеньевна Тарасовская шеберлік - сыныбын өткізді.

Оқушылар гербарийлердің жасалу тарихын тыңдады, сонымен қатар гербарийге әртүрлі өсімдіктерді жинау, дұрыс кептіру, дұрыс құрастыру және ұзақ сақтаудың барлық техникалық ерекшеліктерін білді. Оқушылар гербарийді өз қолдарымен құрастырып, жапсыруға тырысты.