«Мен тіккім келеді» атты шеберлік – сыныбы

28 ақпанда кітапханада «Ұрпаққа өнеге орталығының» меңгерушісі Айман Кәкімқызы Сыздықова Павлодар қаласындағы №7 мектептің оқушыларына «Мен тіккім келеді» атты шеберлік - сыныбын өткізді. Қонақтар қазақтың дәстүрлі мәдениетімен танысты,  ою-өрнек жасау, эко сөмке тігу, құрақ көрпе жасау және ұршықпен жіп иіруді үйренді.  Кітапханашы «Тігу өнері» атты  кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасады.