«Мастерица» клубының отырысы

18 қарашада карантинге байланысты «Мастерица» клубының кезекті отырысы онлайн режимінде өтті. Клуб қатысушылары жұмыс барысында өздерінің еңбегі мен қиялын қосып үлкен шыдамдылық танытып дайындаған  өнімдерін жұртшылық назарына ұсынды. Ілмек және сыммен тоқылған бас киімдер, жиделер, жамылғылар, салфеткалар  көрерменнің таңданысын тудырады. Қолөнершілердің айтуынша, бұл жолы алдағы мерекелер оларға шабыт сыйлады. Қолөнерші Людмила Маковскаяның жүннен жасаған өрмекшісі кез-келген бөлменің декорына ерекше қосымша бола алады. Ал тоқылған ойыншықтарды жасаудың шебері Наталья Незнанова өз өнімдерімен тағы да таң қалдырды. Оның тоқыған ойыншықтары нәзіктігімен ерекшеленеді. Алдағы жылдың символы сиырдың бейнесі жаңа жылдық керемет сыйлық болады, ал домовенок үй тұмар ретінде қызмет ете алады. Қолөнершілер дайындаған Рождестволық шұлықтар туған-туыстарға және жақындарға жаңа жылдық сыйлықтарды креативті орап салуға арналған.