«Мастерица» клубы

Қазіргі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты «Мастерица» клубы жұмысына өзгерістер енгізді. Клуб мүшелері онлайн жүйеде бір-бірімен қарым-қатынаста жұмыс жасайды, өздерінің тәжірибелерімен бөліседі, жаңа туындыларын көрсетеді. Осы жолы Татьяна Стародубцева шимен тоқудан шеберлік-сыныбын көрсетті.  Наталья Незнанова жіптерді біріктіру арқылы  ойыншықтар тоқуға болатынын үйретті.  Раиса Попова демалыс уақытын пайдаланып, пальто тоқып, таныстырды. Татьяна Стародубцеваның тоқылған картинасы, Ирина Карпованың салфеткалары ерекше әсер береді. Клуб мүшелері  жандарына жақын істермен айналысып, уақыттарын тиімді пайдаланып жатыр.