«Мастерица» клубының отырысы

17 маусымда «Мастерица» клубының онлайн режимінде кезекті отырысы өтті. Бес саусағынан өнері тамған клуб мүшелері тартымды қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Олар бисер тоқиды, картинкалар салады, қол өнері - олардың хоббиі, сүйікті ісі. Клуб мүшелері бар жан-дүниесін, махаббатын, ынтасын салып, керемет туындылар жасаған.