Шеберлік пен сапа - табысқа апаратын жол

14 сәуір күні Баянауыл ауданының орталық аудандық кітапханасында облыстық кітапхана мамандарының «Шеберлік пен сапа - табысқа апаратын жол» шеберлік сағаттары өткізілді.

Бағдарламада: психологиялық тренинг, мерзімді басылымдардағы мақалалардың библиографиялық сипаттамасы, әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарды тиімді пайдалану бойынша практикум; жұмыста SMM құралдарын, онлайн пайдалы сервистерді, қосымшаларды пайдалану бойынша тренинг, тегін ресурстарды пайдалана отырып, әлеуметтік желілер үшін контент жасау. Облыстық кітапхана қызметкерлері «Отбасы ұйытқысы ене мен келін», «Кешкі кітапхана» жобасының тәжірибелерімен бөлісті; Америка бұрышының еріктілері жастарға «Maker Space» шығармашылық шеберханасының микроэлектроника, робототехника, ағаш өңдеу және т.б. жобалар жасау қызметі туралы айтып берді. Балалар жылы және «Кітап және қаламгер» жобасы аясында ақын-сатирик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері Алпысбай Әбділұлы Баянауыл оқушыларымен кездесуі өткізді.

Қорытындылау кезінде ауыл кітапханашылары сертификаттарға ие болды.