«Шеберлік пен сапа - табысқа жету жолы»

30 қарашада облыстық кітапхананың мамандары Шарбақты және Павлодар аудандары ОКЖ кітапханашылары үшін «Шеберлік пен сапа - табысқа жету жолы» тренинг - практикумын өткізді. Ауылдық кітапханашыларға «Жаңа кітап - жаңа әлем», «Кішкентай оқырман мектебі», «Кітапханалық жазудың Ережесі» тақырыпты шеберлік сыныптар мен тренингтер өткізіліп, «С.Торайғыров – облыстық кітапхананың электрондық ресурстарында» тақырыпты ақпарат берілді. Кітапханаға түскен жаңа ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Сонымен қатар, жылдық есеп жайлы «1- Кітапхана»: соңғы талаптар мен ерекшеліктер» тақырыпта түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.