«Медийная среда библиотеки»

Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, ЧММИ кітапханалық-ақпараттық қызмет кафедрасының меңгерушісі Матвеева Ирина Юрьевна, (Челябинск қ., РФ) өзінің мазмұнды және қызықты шеберлік сыныбында кітапхананың заманауи медиа ортасы туралы айтты. Ирина Юрьевна медиа ортаны кітапхана мекемесі үшін әлеуметтік кеңістік ретінде сипаттайды. Ол кітапхананың медиа коммуникацияларында ақпараттық әсерді жүзеге асырудың технологиялық ерекшеліктерін ашты.

Қазіргі заманғы кітапхана медиа-контенттің белсенді пайдаланушысы ретінде және кең аудиторияға арналған өзінің медиа өнімдерін жасайтын субъект ретінде және жергілікті қоғамдастықтың ақпараттық көшбасшысы рөлін қабылдау арқылы кітапхананың әлеуметтік позициясын нығайту мүмкіндігі ретінде әрекет ететінің атап өтті.