"Мен оқыған бір кітап"

Құрметті оқырмандар! С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы "Мен оқыған бір кітап" жобасын назарларыңызға ұсынады. Жоба кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жүзеге асырылады.

Жоба аясында белгілі жазушылардың кітапқа арқау болған 1 шығармасы бойынша 2 сұрақ қойылады. Ары қарай сіз сол сұрақтарға жауап беріп, сауалдың астына коментарий қалдыруыңыз қажет.

Сұрақтардың дұрыс жауабы келесі күні кітапханамыздың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады!

Қадірлі оқырман! Мүмкіндікті пайдаланып өз біліміңізді сынап көріңіз! Іске сәт!