«Мен сендерге өлең жазамын» атты әдеби қонақжай

С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында ақын, журналист Шолпан Байғалымен кездесу өтті. «Мен сендерге өлең жазамын» атты әдеби қонақжай ақынның шығармашылық жолына арналған. Шолпан Байғалы өзінің шығармашылығы жайлы айта отырып, алғашқы кітабы туралы әңгімеледі. Бірнеше әйгілі шығармаларды оқып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Жас оқырмандар өздері туралы, сүйікті өлеңдері туралы айтып берді. Әдеби қонақжай жағымды тосын сыймен аяқтады. Шолпан Байғалы балаларға арнап  2021 жылы жарық көрген «Ай-Тұмар»  атты кітабын сыйға тартты.