Меңдібай Әбілұлымен жарқын жүздесу

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада белгілі ғалым, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, сатирик, публицист Меңдібай Әбілұлымен кездесу өтті. Шара барысында ғалым ғұн және сақ дәуіріндегі балалар әдебиеті, сонымен қатар қазақ жазба әдебиетінің тарихы тақырыбында мәнді де қызықты әңгіме өрбітті. Ғалымның айтып отырған дәйекті деректері биылғы жылы жарияланған «Балалар әдебиетін қолдау жылына» орай жасалған іргелі еңбек деп атап өтуге болады.