«Менеджменттің теориясы мен практикасы» ақпарат күні

5 маусым күні облыстық кітапханада Инновациялық Еуразия университеті Жоғары колледжінің «Менеджмент» мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған «Менеджмент теориясы мен практикасы» атты Ақпарат күн өтті. Іс-шара бағдарламасы: кітапхана бойынша экскурсия, кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдалану ережелері бойынша кітапханалық сабақ, тақырыптық көрмеге шолу және менеджментті ұйымдастырудың негізгі элементтері мен функциялары туралы әдебиеттерге шолу. Студенттер Қ.И. Сәтбаевтың 120 жылдығына орай «Ғылымға берілген өмір» атты хабарды тыңдады.