«Менің әлемім»

Халықаралық мүгедектер күніне арналған «Жақсылық мерей үстемі» науқаны аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Альрами» Клуб үйі ҚҰ-мен бірлесіп «Менің әлемім» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды. Конкурс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілді.

Экспозицияда мүмкіндігі шектеулі, менталдық бұзушылықтары бар жандар арасында ұйымдастырылған облыстық бейнелеу өнерінің интернет-байқауына қатысушылардың жұмыстары ұсынылды. Суреттер әртүрлі техникада орындалған (графика, кескіндеме, аралас техника, фломастерлер, пастель, түрлі-түсті қарындаштар, гуашь және т. б.)

Көрменің ашылуына суретшілер, журналистер мен байқауға қатысушылар шақырылды. Байқаудың әр жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар дипломдармен, Гран-при және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара "Брайт" вокалдық ансамблі мен "Жұлдыздар" би студиясының кішкентай әртістерінің өнерін тамашалаумен аяқталды.

Көрме 2017 жылдың желтоқсанынан 12-нен 22-не дейін жұмыс істейді.