«МЕНІҢ ЕСІМІМ КІТАПТА» челенджі

Әрбір адамның есімі қандай да бір мағынаға ие. Бала өмір есігін ашқан сәтте біз оған қандай есім берсек? – деп көп ойланамыз. Сәбиге көркем есім таңдап, елге белгілі, сыйлы азаматтардың атын ырымдап қойып жатамыз. Ал кейбір жандардың есімі белгілі туындыларға арқау болған. Мысалы: С.Мұқановтың БОТАГӨЗ романындағы сұлудың есімі, М.Әуезовтың «АБАЙ ЖОЛЫНДАҒЫ» Әйгерімнің есімі көптеген жандарға қойылды.

Біз бүгін сіздің есіміңізге қатысты «МЕНІҢ ЕСІМІМ КІТАПТА» қызықты челлендж ұйымдастырудамыз!
Осы акцияға қатысу арқылы сіз өз есіміңізді белгілі шығармалармен байланыстыра аласыз. Ол үшін сіз әлеуметтік желідегі парақшаңызға өзіңіздің есіміңіз аталатын шығарма мен оның авторын көрсете отырып, шағын пост жариялайсыз.

Сонымен қатар, @pavlodarlibrary парақшасын белгілейсіз және #есімкітапта, #имявкниге хэштегтерін қоюыңыз керек.