«Менің өмірлік досым – кітап»

26 қараша күні облыстық балалар әдебиеті бөлімі кітапханасында «Менің өмірлік досым – кітап» атты үздік оқырмандарға марапаттау рәсімі өтті. Ең белсенді кітапқұмарлар кітапханалық жобалар мен іс-шараларға қатысып, өздерінің сүйікті кітаптарын, шығармашылық жетістіктерін көрсетті.

Осы мерекеге арнап Потапенко Артур мен Сорочан Анжелика өз өлеңдерін оқыды. Челакова София «Актуально ли чтение?» жобасын туралы баяндап, Шайхысқақ Айзере Абайдың өлеңдерін оқыды. Ал Абайдуллина Милана неміс тілінде өлең оқыды. Айдана Нурекенова үнді биін билеп, М. Жалилдің өлеңін мәнерлеп оқыды. «Кітапхана. Шығармашылық. Оқу» атты бейнефильм көрсетілді.

Сонымен қатар балалар әдебиеті классиктерінің шығармалары бойынша оқырмандар «Не? Қайда? Қалай? Қашан?» атты викторина мен конкурста өз білімдерін көрсетті. Барлық белсенді және үздік кітапхана оқырмандарына алғыс хаттар табыс етілді.