«Менің сырым» онлайн-кездесуі

21 шілде күні Zoom платформасында Павлодар, Петропавл және Ақтөбе қалаларының ұйымдастыруымен «Менің сырым» атты онлайн-кездесу өтті. Іс-шара ҚР мүмкіндіктері шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңның 15 және АҚШ-тағы «Мүмкіндіктері шектеулі американдық азаматтар туралы» заңның 30-жылдығына орай ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушылар өз қызметтері, өміріндегі құқықтарды қорғау туралы айтты. Көзі нашар көретін және зағип азаматтарға арналған кітапханалардың белсенділері мен қызметкерлері өздері жайлы айтып қана қоймай, онлайн түрде өткізетін шаралар, жеке жетістіктері және құқық қорғауда көрсетілетін көмек туралы ойларымен бөлісті.