«Менің бақытты отбасым» акциясы

15 мамыр күні балалар әдебиеті бөлімінде «Отбасының сиқырлы жылуы» жобасының шеңберінде Халықаралық отбасы күніне арналған фотоакция өтті.
Акцияға ең белсенді және оқитын отбасылар қатысты, олардың фотосуреттері кітапхананың фойесін безендірді.
Халықаралық отбасы күні мерекесі БҰҰ Бас Ассамблеясымен қоғамның назарын отбасы мәселелеріне тарту мақсатында ұйымдастырылған. Отбасы қоғамның басты элементі ретінде адамзат құндылықтарының, мәдениетінің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының, тұрақтылық пен дамудың факторы болып табылады.