«Мерейлі қаламгерлер» кітап көрмесі

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Мерейлі қаламгерлер» атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады. Бұл көрме 2022 жылы мерейтойлары аталып өтетілетін ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған. Қаламгерлердің шығармалары арқылы әр адам қуаныш пен жұбаныштың атмосферасын сезініп, күнделікті күйбең тіршіліктегі мәселелерді бір сәт ұмытып, туындаған сұрақтарына жауап таба алады.

Көрмеге көрнекті ақын - жазушылардың – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, З.Шашкин, Ғ.Орманов, С.Шаймерденов, И.Щеголихин, С.Мәуленов, Ә.Сарай, Ә.Нұршайықов, Ә.Шарипов, Ш.Мұртаза, Д.Әбілев, Т.Айбергенов, А.Шамкенов, Д.Досжан, Д.Исабеков, С.Елубай, М.Шаханов, Н.Оразалиннің 300-ге жуық шығармалары қойылды.

Көрме жыл бойы жұмыс істейді. Келемін деушілерге есігіміз ашық.