«Мерзімді басылымдар мерейтойы» ақпарат күні

5 наурыз күні «Павлодар түсті металлургия колледжі» КМҚК студенттері үшін «Мерзімді басылымдар мерейтойы» ақпарат күні ұйымдастырылды. Келушілер назарына биыл мерейтойларын атап өтетін газет – журнал басылымдарының көрмесі таныстырылды. Олардың ішінде қоғамдық – саяси газеттердің орны ерекше: ғасырлық тарихы бар «Егемен Қазақстан» республикалық газеті, сондай – ақ 90 жылдығын атап өткен «Сарыарқа самалы» облыстық газеті. Мерейгер басылымдардың қатарында - «Спорт», «Культура» газеттері, «Жалын», «Денсаулық», «Смена», «Работница», «Октябрь», «Звезда», «Литература в школе», «Наука и жизнь», «Огонек», «Родина», «Вокруг света» журналдары. Заманауи ақпарат ағынында олардың өз оқырмандары бар, бұл адамдар үшін басылым сенімді ақпарат көзі болып табылады.
Қазақстан халық әртісі, актриса Әмина Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Көзінен мейірім төгілген» библиографиялық шолуы жастардың қызығушылығын тудырды.