«Метаморфоза» көрмесі

22 - сәуір күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында жас суретші Ратмир Рафиковтың заманауи өнерінің дебюттік «Метаморфоза» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Ратмир Рафиков - тәуелсіз суретші, Павлодар көркемсурет колледжінің студенті. Кескіндемеден басқа, ол суретке түсірумен, музыкамен және дизайнмен айналысады.

Көрмеге қойылған суреттер мен графикалық жұмыстар бұрын еш жерде ұсынылмаған, олар аралас техникада жасалған заманауи өнер туындылары. Көрме 22 - 29 сәуірге дейін жұмыс істейді.