Халықаралық шахмат күні кітапханада

Жыл сайын осы күні кітапханада шахматтан түрлі турнирлер, дәрістер мен шеберлік сабақтары, бірмезгілдік ойын сеанстары өткізіледі. Ал биыл шахмат әуесқойлары үшін «Шахмат – ғажайып ойын» атты кітап көрмесі мен «Шахматный калейдоскоп» атты шахмат викторинасы ұйымдастырылды. Өйткені, күнде шахмат үстеліне ойын жанкүйерлері мен шахмат үйірмесінің мүшелері жиналады. Олар барлық сұрақтарға ынта қойып жауап берді және қызықты кітаптармен танысты. Викторинаның жеңімпаздары шағын сыйлықтарға ие болды.