«Мінез – көңіл ажары» психологиялық тренинг

13 қазан күні облыстық кітапханада өте қызықты шара «Мінез –көңіл ажары» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингті Торайғыров университетінің білікті ұстазы, психолог маман Жаминова Орынгуль Оразалықызы өткізді. Іс-шара барысында студенттер мінез тақырыбында сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар алды. Қанша адам бар, сонша мінез бар. Мінез деген қиын нәрсе. Ол адамның көңіл-күйіне, денсаулығынада, отбасы ынтымағына да байланысты. Біреумен жолдас, дос болғанда да,өмірлік жар таңдағанда да адамның өзге қасиеттеріне қоса мінез-құлқына қатты зер салған дұрыс деп түсіндірді.

Іс-шараға Бейсен Ахметов атындағы педагогикалық колледж және Павлодар педагогикалық университетінің М.Канапиянов атындағы жоғарғы колледж студенттері қатысты.