Сиқыр әлемі

Біз сіздермен «Күзгі vibe» кітапхана түнінен жаңалықтарымызбен бөліспекпіз.

Қазіргі әлемде көптеген адамдар астрология мен нумерологияға қызығушылық танытып, олардан өз сұрақтарына жауап табады, мақсаттарына жету үшін қолдау мен шабыт алады.

Шарамызға келген астролог Талия мен нумеролог Маргаританың «Сиқыр әлемі» алаңы қонақтардың осы салаға деген қызығушылығына жауап іспеттес болды. Кітапхана түніне келген қонақтар ішінде сиқырлы атмосфера әлеміне еніп, оның құпияларын ашқысы келетіндер лебі көп болды.

Талия мен Маргарита келушілермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, астрологиялық белгілермен, планеталармен таныстырды, оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңес берді және жеке жұлдыз жорамалдарын талдауға үйретті.

Қонақтар сиқыр әлемінің мамандарынан пайдалы ақпарат алып, кітапхана қабырғасында қызықты уақыт өткізгендеріне ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта олар сиқыр әлемінен алған білімдерін өз игіліктеріне пайдаланып, өзге де адамдарға көмектесу үшін пайдаланады деп үміттенеміз.