«Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным»

20 сәуірде С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері №8 мектеп-лицейінде тақырыптық іс-шара өткізілді. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында 7 «А», 7, «Б», 7 «В» сынып оқушылары үшін «Менің үйім, менің тағдырым, менің Қазақстаным» атты тақырыптық сабақ өтті. «Біздің Қазақстан» бейнеролик көрсетілді.

Қазақстанның үлкен отбасына - қазақтар, өзбектер, орыстар, татарлар, еврейлер, грузиндер және басқалар кіреді. Әр халықтың бай мәдениеті, әдебиеті, өнерілері бар. Оқушылар Г.Бельгердің, Г.Черноголовиның, З.Наурызбаеваның, Э.Маскевичтің, А.Шипулинаның, Хан Диннің, Гилен Цойдың, Л.Бевздің, Н.Цой сияқты түрлі ұлт өкілдерінің Қазақстан жазушыларының шығармашылығы туралы слайд-шолуды тамашалады.

Ең белсенді оқушылар «Полиглот» ойынына қатысты. Онда әртүрлі халықтардың мақал-мәтелдерін шешіп, қазақ және ағылшын тілдеріне аударды. «Қазақстан халқының өкілін атаңыз» атты филвордты шешті. Көрермендермен «Иә! - Жоқ!» ойынымен аяқталды. Соңында оқушылар қазақстандық авторлардың кітаптарымен танысты.