«Молодежная book-симпатия» акциясының қорытындысы

 14-25 қаңтар күндері аралығында балалар әдебиеті бөлімінде жастар жылына арналған іс-шаралар шеңберінде «Молодежная book-симпатия» акциясы өткізілді.

Акцияға 15 – 21 жас аралығындағы 30 адам қатысты. Акция қатысушылары кітапхана қорынан өздерінің сүйікті кітаптарын тауып, олар туралы қысқаша пікір жазып, кейін көрмеде қалдырды, барлық тілек білдірушілер оны оқи алды. Әлеуметтік желілерде басқа оқырмандарға арналған кітап ұсынымдары, пайдалы кеңестер мен дәйексөздері бар бейнероликтер орналастырылды. Акцияның қорытындысы кітапхана оқырмандарына сауалнама жүргізу нәтижесінде жасалған «Посоветуй книгу другу» атты көрме-панорама болды.