MUZANOT музыкалық байқауы

14 сәуірде облыстық кітапханада Людмила Мельникованың MUZANOT V республикалық халықаралық музыкалық байқауы өтті.

Мельникова Людмила Евгеньевна (Қарағанды қ.) - қазақстандық композитор, ақын, музыка пәнінің мұғалімі, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, оның шығармашылық жинағында әлемнің көптеген тілдеріне аударылған 400-ден астам музыкалық шығармалары мен өлеңдері, 16 аудио альбом және авторлық әндер жинақтары бар. Байқауға әртүрлі жас санатындағы балалар келесі номинациялар бойынша қатысты: соло ән айту, хормен ән айту, өлеңдерді көркемдік оқу және т.б. ЮНЕСКО балалар көркем мектебі - клубы көрермендерге Л. Мельникованың әндеріне салған суреттерін таныстырды. Барлық қатысушылар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.