«Далекий и близкий чеченский язык» атты музыкалық-поэтикалық кеш

25 сәуір күні «Қазақстан – достықтың бесігі» жобасы аясында «Далекий и близкий чеченский язык» атты музыкалық-поэтикалық кеш өтті.  Ол «Халкъан Барт» шешен-ингуш бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп өткізілді.

Бұл күні шешен тілі күні атап өтіледі және тіл, әдебиет, мәдениетке арналған түрлі шаралар өткізіледі. Мұғалім Карина Мұратқызы Фаргиева шешен тілінің тарихы мен ерекшеліктеріне тоқталып, сәлемдесу, қоштасу сөздерін мысалға келтірді.

«Бірлант» фольклорлық ансамблінің «Хел хаза» және «Мой Казахстан» әндері, көркемдік жетекшісі Руслан Исламұлы Ашаевтың тамаша орындауындағы лезгинка, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш филиалы оқушыларының «Чик-чирик» әдемі биі мен шешен тіліндегі өлеңдері залды бей-жай қалдырған жоқ.