8 наурыз күніне арналған «Аруларға арнау» музыкалық кеш

6 наурыз күні кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында 8 наурыз күніне орай «Аруларға арнау» музыкалық кеш болып өтті. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың оқырмандары мен ұжымын «Константин Симонов және оның достары» атты музыкалық клубының мүшелері: Константин Симонов, Александр Казаков, Александр Таурский, Елена Романовская және Ирина Малихина құттықтауға келді.

Олар музыкалық шығармаларды саксофонда, «Куә бол», «Сен сүйесің», «Весна идёт», «Егіз лебіз», «Кто тебе сказал» және т.б. әндерді шын жүректен орындады.

Кеш жылы, достық атмосферада өтті.