Музыкалық қонақжай

8 желтоқсанда облыстық кітапхананың «Музыкалық қонақжайында» музыкатанушы Л.Д. Давыдова шәкірттерінің концерті өтті.  Жас музыканттар классикалық музыка туындыларын орындады. Педагогтың пайымдауынша, осындай шаралар балаларды сахналық тәртіпке бейімдеуге, музыкалық-көркемдік талғамдарын дамытуға, шеберлік қабілеттіліктерін арттыруға көмектеседі.  Өнер залында музыкалық әдебиеттерге жасалған шолу оқушылар мен ата-аналардың қызығушылықтарын оятты.