Мұхитқа құйған Ертіс

Қыркүйектін 13-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада аса дарынды жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, жерлесіміз Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Мұхитқа құйған Ертіс» атты әдеби танымдық шара ұйымдастырылды.

Шараға белгілі журналист, аудармашы, қаламгер, Рамазан Тоқтаровтың қызы - Бақыт Рамазанқызы қатысып, әкесі жайлы көпшілік біле бермейтін тың деректермен, мол мағлұматпен бөлісті.

Әдеби кездесуге Павлодар педагогикалық университетінің Мұсахан Қанапиянов атындағы жоғары колледж студенттері қатысып, құрметті қонаққа сұрақтарын қойды. Ал жергілікті «Өркен» жас ақындар клубының мүшелері, кітапханашылар мен жастар шараға онлайн режимде қатысты.