«Мұзарт таудай биік тұлға» атты поэзия сағаты

29 қазан күні облыстық кітапханада көрнекті жерлес ақынымыз, қазақ әдебиетінің классигі, аудармашы, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 95 жылдығына арналған «Мұзарт таудай биік тұлға» атты поэзия сағаты өтті.

Аталмыш шараға ІІ Министрлігі оқу орталығының тыңдармандары, Б. Ахметов атындағы ПМПУ педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. ПМПУ студенттері өнерлерін ортаға салып, паш етсе, Жиналған Аманболсын «Мұзафар Әлімбаевқа» арнау-өлеңнің оқыды. Кітапханашы Айнұр Қуандыққызы «Қазақ поэзиясының алдаспаны» атты кітап көрмесіне шолу жасады, «Мұзарт таудай биік тұлға» слайд көрсетілді.