«Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» кітап көрмесі

8 қыркүйек күні облыстық кітапханада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Бір ел - бір кітап» акциясының поэзия жанры бойынша Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали - мәңгілік өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқырмандар сүйіп оқитын ақиық ақынның 5 томдық шығармасы, баспа беттеріне жарияланған өлеңдері қойылған. Көрменің мақсаты қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің шығармашылығын, әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.