Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Мәдениет пен өнер – рухани өміріміздің мәйегі. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттауда сіздердің еңбектеріңіз ерекше, мәдениетіміздің қазынасына қосылған шығармашылықтарыңызға шалқар шабыт, мол қуаныш, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Осы айтулы күнге орай С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі кітапханашысы Р.А.Галимова, абонемент бөлімінің кітапханашысы Б.Т.Букашева «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен; кітапханалық процесстерді автоматандыру бөлімінің басшысы А.Ж.Мырзагалиева, анықтамалық қызмет көрсету сектор басшысы Т.С.Муратова, өлкетану және цифрлы технологиялар бөлімінің кітапханашылары С.С.Жангазинова мен А.А.Кочеткова, кітапханаларды дамыту бөлімінің кітапханашысы Б.К.Борамбаева Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасымен; оқу залдары бөлімінің кітапханашылары М.М.Баешева, Г.М.Буланбаева, К.Е.Солтанбекова, Т.К.Сульбаев, өлкетану және цифрлы технологиялар бөлімінің кітапханашысы П.С.Ельников Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Алғыс хатымен; Алғыс хаттармен М.Хазыхан, Г.К.Алибекова, Н.М.Акназарова, Б.И.Аубакирова, Павлодар облысының мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы Құрмет грамотасымен Б.С.Сарсенбекова, Г.М.Буланбаева, Алғыс хаттармен кітапханашы К.Кашкинбай, Г.М.Муканова, М.К.Дюсембаев, О.В.Гайдамака, Г.О.Сакенова, Г.А.Байзакова, М.Шушаев марапатталды.