Мәжіліс Депутаттары облыстық кітапханада

8 ақпанда Павлодар облысына жұмыс сапарының барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Магеррам Мамедович Магеррамов, Наринэ Гамлетовна Микаелян, Александр Васильевич Суслов және Василий Иванович Олейник облыстық кітапханаға келді.

Қонақтар кітапхана қызметімен, заманауи кітапханалардың жұмысында пайдаланылатын ақпараттық технологиялармен, оқу залдарымен, денсаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Жанашыр» орталығымен танысты. Қызметкерлермен кездесу кезінде мәдениет және әлеуметтік салаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылады, олар: «Кітапхана ісі туралы» заңның жобасын дайындау, бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысы, кітапханалардың даму келешегі, кітапханашы мәртебесін жоғарылату.