Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы

26 қараша күні облыстық кітапханада «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясының аясында Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Конференция қатысушылары шығарманы оқып шыққаннан кейін өз ойларымен бөлісті. Педагогикалық еңбек ардагері, аудармашы С.Сатыбалдин Н.Келімбетов шығармашылығының негізгі кезеңдеріне тоқталды. «Асыл Ана» ҚҚ төрағасы А. Құсайынов  2 топ мүгедегі үшін бұл шығарма оған өз күшіне сенім беріп, өмірге деген құштарлығын оятатынын айтты. Іс-шараға шақырылған «Мөлдір» қоғамының мүшелері Н.Келімбетовтың шығармашылығымен жақынырақ танысуға тілек білдірді.