«Наполним музыкой сердца» бард әндерінің кеші

23 мамыр күні бард әндерін сүйер қауым «Наполним музыкой сердца» кешіне жиналды.
Бард әнінің басты қасиеті - бұл әннің әрдайым сезімге толы, мағыналы болуы, автордың жан дүниесінің көрінісі. Бард әні сұрайды, кеңес береді, әңгімелейді, қайғырады және көңіл көтереді.
Терең ойға шомуға тартып, бізді жақсылыққа, тазалыққа жетелейтін әсем әндерді С. Мусалимов, М. және З. Сербиндер, А. Казакова, Н. Млынцева, Е. Павчинский орындады.
Кеш қатысушылары әңгімелесіп, гитарамен ән айтып, әншілердің өнерін тамашалауға мүмкіндік алды.