«Наш очаг» клубының отырысы: «2020 жылға арналған айлық отырғызу күнтізбесі»

13 қаңтар күні, көне Жаңа жыл қарсаңында, «Наш очаг» клубының мүшелері ардагерлер-бағбандардың кезекті кездесуі өтті. Жаңа жылдағы алғашқы отырыс қаңтар айындағы туған күн иелеріне З.П.Давыдова мен Л.В.Бабахқа құрмет көрсету мен құттықтаудан бастау алып, көптеген жақсы сөздер мен тілектер айтылды. Бүгінгі таңда осы ардагерлер бау-бақша клубының негізін қалаушылардың бірі боп саналады.

Іріктеуші (селекционер) Зоя Николаевна Давыдова картоп, қызылша, сәбіз, қырыққабат, жидектер мен гүлдердің суыққа төзімді сұрыптарын өсірудің көпжылдық тәжірибесімен бөлісті. Бағбан жақсы өнім алу үшін маңызды агротехникалық тәсілдер, көкөніс дақылдарының жаңа сорттары мен тұқымдық материалдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қызу әңгіме үстел басында хош иісті шаймен жалғасты.