«Наш очаг» клубының отырысы

14 қаңтар күні «Наш очаг» ардагер-бағбаншылар клубының биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті.

Отырыс мерекелік көңіл-күйде өтті: қатысушылар жаңа жылдық жаңалықтарымен, әзіл-сықақ құттықтауларымен және алдағы саяжай маусымына арналған жоспарларымен бөлісті. Клуб мүшелері клубтың белсенді қатысушысы, кітапхананың тұрақты оқырманы З.П.Давыдованы туған күнімен құттықтады. Бағбан В.С.Дапко әріптестерімен жергілікті климаттық жағдайларға байланысты көкөніс және жеміс дақылдарын отырғызудың құпияларымен бөлісті. Қонақтар назарына «Целебные свойства лекарственных трав» атты көрме дайындалды. Бағбандардың мерекелік отырысы шай дастарханымен жалғасты.