Наурыз мерекесі қарсаңында «Дін мен дәстүр» атты қыздар арасындағы облыстық білім байқауы

10 наурызда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ҚМДБ-ның Павлодар облысының Мәшһүр Жүсіп мешітіндегі «Әйел-қыздар» секторымен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында қыздар арасында «Дін мен дәстүр» атты облыстық білім байқауын өткізді.

ҚМДБ-ның Павлодар облысының және Мәшһүр Жүсіп мешітінің бас имамы Жолдас Қоспақұлы Бертымұратов құттықтау сөз сөйледі.

Байқауға облыс бойынша 9 мешіт: Мәшһүр Жүсіп мешіті, Ақмешіт мешіті, Омар-әл Фарух мешіті, Ақсу мешіті, Екібастұз мешіті, Майқайың мешіті, Ғабдул уахид мешіті, Жандарбек мешіті, Тереңкөл мешіті қатысты. Әр мешіттен 3 қатысушыдан құралған 9 топ бақ сынасты. Байқау сұрақтары «Дін мен дәстүр» кітабында қамтылған тақырыптарға негізделіп алынды. Қатысушы топтар өздерін көркем сөзбен таныстырды, ұяшық түрінде экраннан көрсетілген ұлттық салт дәстүрге негізделіп әзірленген сұрақтарға жауап берді, әр мешіт топтары қазақтың ұлттық бұйымдары мен ұлттық тағамдарын әкеліп таныстырды.

Мәшһүр Жүсіп мешітінің әйел-қыздар секторының жетекшісі Тұрғынбай Ақерке, ұстаз Шадиева Зәуре, Рымтай Сапарбекқызы, кітапханашы Назым Ғизатқызы қазылар алқасында болып жүлделі орындарды анықтады. 1 орынды Екібастұз мешіті, 2 орынды Мәшһүр Жүсіп мешіті, 3 орынды Омар-әл Фарух мешіті иеленді. Сонымен қатар басқа қатысушыларға да заттай сыйлықтар беріледі.