«Күн шуағым отбасым» апталығы

12-19 қыркүйек аралығында балалар оқу орталығында «Күн шуағым отбасым» атты апталық өтті.

-      «Қызыл алма» арт-кеңістігі аясында  «Аналар күніне арналған Ашық хат» шеберлік сабағында жас оқырмандар кітапхана қызметкерлерінің басшылығымен өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, түрлі-түсті қағаздан және картоннан жасалған құттықтау хаттарын өз қолдарымен жасауды үйренді.

-      Қазақ халқының отбасылық салт-дәстүрлеріне арналған «Салтым-асыл қазынам» онлайн-викторинасы өтті.

-      «Отбасымызбен оқимыз - Читаем всей семьей» атты кітап көрмесінде отбасылық оқуға арналған қазақстандық, орыс және шетел әдебиетінің үздік кітаптарының топтамасы ұсынылды.

-      «Ата-ана және мен - спорттық отбасы!» сайыстың басты міндеті - ата-аналардың салауатты, белсенді өмір салтын насихаттау, балалардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға қызығушылығын қалыптастыру.

Кітапхананың тұрақты оқырмандары болып табылатын Кузиндер отбасымен кездесу Аналар күніне арналды.

Барлық іс-шаралар отбасыға деген сүйіспеншілік, отбасына құрметпен қарауды тәрбиелеуге бағытталған.