Негасим свет его сердца и слова

24 қаңтар күні «Павел Васильев. Поэме «Соляной бунт - 90 лет» атты шығармашылық кеш өтті.

 «Соляной бунт» поэмасы XIX ғасырдың екінші жартысында Ертіс өңіріндегі көтерілісте Сібір қазактарының қырғыздарды аяусыз басып-жаншуы туралы жазылған.  Кеш қонақтары белгілі павлодарлық ақынның шығармашылығына арналған бейнефильмдер көрді және  «Негасим свет его сердца и слова» атты кітап көрмесін тамашалап, жерлес ақынның поэзиясымен танысты.

Іс-шара барысында жерлес ақындар  А.Гаммер, Н.Борисовская, Е.Вайберт, Р.Мухамеджанов, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мүшесі А.Анафина ақынның өлеңдерін оқыды. «Иртышские казаки» халық ансамблі Павел Васильевтің сөзіне жазылған  әндерді шырқады

Шығармашылық кешке Павлодар химия-механикалық колледжінің студенттері қатысты.