«Невада-Семей: тарихы мен тағылымы»

Облыстық кітапханада Zoom платформасы арқылы антиядролық қозғалыстың 30 жылдығына арналған «Невада-Семей: тарихы мен тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға биология ғылымдарының докторы, профессор, Торайғыров Университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Ахметов Қанат  Қамбарұлы, «Самал» оңалту орталығы» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі мен «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалыс филиалының Павлодар облыстық бөлімшесінің төрайымы Багненко Зинаида Дмитриевна, эколог, құқық қорғаушы Павленко Юрий Федорович  қатысты. Спикерлер полигонның құрылуы, тарихы, зардаптары және «Невада-Семей» қозғалысы туралы айтты.  Дөңгелек үстелдің жұмысына  машина жасау және мұнайгаз колледждерінің студенттері қатысты.