Н.Г. Шафердің сирек кітаптар топтамасы мен Ғ.Қ. Балтабайдың жеке кітапханасының тұсаукесері

18 қазан күні сағат 11-00 де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Н.Г.Шафердің сирек кітаптар топтамасы мен Ғ.Қ.Балтабайдың жеке кітапханасының тұсаукесері өтті.

Наум Григорьевич Шафер бірегей грампластинкалардың бай коллекциясымен, сондай-ақ сирек кітаптар жиынтығымен танымал. Әдебиеттанушы, композитор, музыкатанушы Наум Григорьевич Шафер өзінің коллекцияларынан ерекше көзге түсетін «Настольный словарь для справок по всем отраслям знания» (1864 г.), Вигель Ф. Ф. Воспоминания (1865г.) және т.б., сонымен қатар баспа басылымдарының ішіндегі «Будильник» (1899г.) журналын сыйға тартты.

Ғалия Құсайынқызы Балтабай Павлодар облыстық радиосының дамуына зор үлес қосқан журналист, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Республикалық Қазақ радиосының үздігі» медалінің иегері, бірнеше кітаптардың авторы. Журналист - жазушы жеке кітапханасындағы оқырман ретінде және журналистикаға қызығушылығын танытатын 200 ден аса жиналған кітаптарын облыстық кітапханаға табыстады.

Тұсаукесерге зиялы қауым өкілдері, журналист Бәкібай Рамазанов, тіл жанашыры Ульям Мақұлұлы, Ертіс аудандық ОКЖ қызметкерлері, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты.