Балалар кітапханасындағы жаңа жоба

9 ақпанында С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында 9-12 жас аралығындағы балаларға арналған «Оқырман академиясы» атты жаңа зияткерлік-әдеби жоба бастау алды. Жаңа жобаның ашылуы Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға арнаған жаңа жылдық үндеуінде жариялаған Қазақстандағы балалар жылы аясында өтті.
«Оқырман Академиясы» жобасының негізгі мақсаты: оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін және олардың оқу белсенділігінің өсуін арттыру, оқушылар, педагогтар, кітапханашылар, ата-аналар арасында оқуды танымал ету үшін жағдай жасау
Сабақ барысында балалар өздерінің оқу шеңберін құра отырып, көркем әдебиет әлемімен жақынырақ танысады, қиялдауға және жазуға үйренеді.
Іс-шараға Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Қайрғазина, №2 ЖОМ және Кемеңгер ауылының ЖОМ оқушылары, ата-аналар мен кітапханашылар қатысты